• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қазан, 2024

Шымкентте бюджет қаражатын қалтаға басқан есепші сотталды

97 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас есепшісі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, мекеменің есепшісі қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілгені белгілі болды.Айыпталушы тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалған.Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылған.