• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қазан, 2024

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті

160 рет
көрсетілді

Түркия Ұлттық білім министрлігі тарих пәні бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізді. «Орталық Азия» термині «Түркістан» терминімен ауыстырылды. Мамандар бұл шешім болашақ ұрпақ бойында ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  TRT Haber –ге сілтеме жасап.

Білім министрлігінің ұсынысын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да қолдады.

«Түрік ғасыры» туралы көзқарасымызды Түркі мемлекеттері ұйымына дейін жеткізіп, алдағы кезеңді түріктердің дәуірі ету үшін иық тірестіретін боламыз» деді ол.

Профессор Ахмет Тасағылдың айтуынша  «Түркістан» терминінің тарихи мағынасы «Түріктердің отаны» дегенді білдіреді.  

«Түркістан ұғымын оқулықтарға енгізу өте дұрыс шешім болды. Өйткені, Түркия да, Түркістан да түріктер  басым тұратын аймақ дегенді білдіреді», деп қосты доцент Рамин Садық.

Сарапшы түркі әлемінің ортақ тарихы, географиясы, әдебиеті, картасы мен әліпбиін құруға бағытталған белсенді қадамдар кезеңінде Ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін балаларға арналған оқулықтарға енгізу туралы шешімін елеулі өзгеріс деп атады.

Оның пікірінше, бұл - бүкіл түркі әлемі  үшін маңызды бастама.