• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Қазан, 2024

Косметикалық ота кезінде денсаулыққа зиян келтірген маман сотталды

113 рет
көрсетілді

Медициналық қызметпен лицензиясыз айналысқан астаналық маман сотталды. Ол косметикалық ота кезінде пациенттің денсаулығын зақымдаған, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу барысында айыпталушының косметикалық отаға мерзімі өткен филлерді пайдаланғаны анықталды. Салдарынан пациенттің денесі қабынып, медициналық көмекке мұқтаж болған. 

«Кінәліні 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Мәжбүрлі еңбекке де  тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген.