• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Павлодарда шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр

249 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. «Павлодар облысы әкімінің Кубогі үшін» шахматтан халықаралық турнир өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Турнирді облыс әкімдігі, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, облыстық шахмат федерациясы ұйымдастырыпты. Ресей, Белорусь, Австралия, Мысыр, АҚШ және өз елімізден халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер, әр жылдардағы чемпиондар келді. Жарысқа әр түрлі жастағы шахматшылар қатысуда. Олардың қатарында Александр Халифман, Американың төрт мәрте чемпионы Хулио Гранда Зунига, Алексей Александров, Африка олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, Ахмед Адли бар. Ал еліміздің намысын халықаралық гроссмейстерлер, Азияның төрт мәрте чемпионы Евгений Владимиров, Азияның төрт мәрте чемпионы, павлодарлық Павел Коцур, Азияның үш мәрте чемпионы Петр Костенко, халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы Әнуар Ісмағаметов, Азияның үш мәрте чемпионы Ринат Жұмабаев қорғайды. Қазір мысырлық Адли Ахмет пен қазақстандық шахматшы Петр Костенко 2,5 ұпай жинап, көш бастап тұр. Турнир 9 турдан тұратын айналма жүйе бойынша өтуде. Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс халықаралық шахмат федерациясының ережесі бойынша өткізілуде. Турнирдің жүлде қоры 3 миллион теңге. Жарыс 30 қаңтарға дейін жалғаспақ. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.