• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:55

Индонезияда акуланың асқазанынан әйелдің денесі табылды

41 рет
көрсетілді

Индонезияда балықшы акуланы ұстап алған. Оны бөлшектеу кезінде ол адам қалдықтарын тапқан. Кейінірек бұл американдық Коллин Монфорттың денесінің сынықтары екені белгілі болған, деп хабарлайдыEgemen.kz BILD-ке сілтеме жасап.

Мичигандық әйел күйеуімен Индонезияға демалуға барған. 26 қыркүйекте ерлі-зайыптылар Үнді мұхитына сүңгуді ұйғарған. Оларды нұсқаушы топты Алор архипелагының жанында орналасқан жағажайға апарған. Күйеуі мен әйелі жеті метрге дейінгі тереңдікке сүңгіп кеткен.

Бір кезде қатты ағыс Коллин Монфортты топтан бөліп алып кеткен. Қалғандарының бәрі қайыққа қайта оралып үлгерген. Құтқарушылар жоғалып кеткен әйелді сегіз күн бойы іздеген.

«Акуланың жағдайы нашар болғандықтан ұсталды. Мен ол пластик немесе балық аулайтын торды жұтып қойды деп ойладым. Бірақ оның ішінде қара сүңгуір костюміндегі әйелдің қалдықтары болды», деді балықшы.