Сахараға кейінгі 50 жылда болмаған жаңбыр жауды. Толасыз жауынның соңы селге айналды.
Марокко мен Алжир су астында қалды. Табиғаттың тосын құбылысынан мыңдаған адам зардап шегіп, жүздеген құрылыс нысаны қирады. Құтқару техникалары да іске жарамай балшыққа батып кеткен. Синоптиктердің айтуынша, климаттың бұлай құбылуы алдағы екі-үш айдағы ауа райына да әсер етеді.
Tesla-ның темір тұлпары
Жүргізушісі жоқ көлікпен қатынайтын күн де алыс емес. Илон Маск Tesla компаниясының Cybercab роботтаксиі мен Robovan робофургонын таныстырды.
Жаңа модельдер толықтай автономды, жүргізушісіз басқарылады. Екі көліктің де есіктері жоғары қарай ашылады. Cybercab роботтаксиі екі жолаушыға арналған. Сондай-ақ оның рулі мен педалі жоқ. 20 адам сыятын Robovan микроавтобусы да дәл солай жасалған. Бірақ сымсыз қуаттау жүйесімен жабдықталған әрі оны жүк тасымалдауға пайдалануға болады. Илон Масктің айтуынша, роботтакси 2025 жылға қарай Техас пен Калифорнияда қатынай бастайды.
Жеті рет жасын түскен
АҚШ-тың Вирджиния штатында тұрған Рой Салливанға жеті рет найзағай түсіп, тірі қалған.
Ғалымдардың айтуынша, адамға найзағай түсу ықтималдылығы өте төмен. Түскен жағдайда адам тіл тартпай кетеді. Ал Ройдың жаны сірі секілді. Ол осы оқиғадан кейін Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Бұл статистикалық тұрғыдан мүмкін емес көрінгенімен, дәрігерлер оның жанын аман алып қалған. Тіпті оны «найзағай тартатын адам» деп атаған. Өмірдің парадокске толы екенін Ройдың ғұмыры дәлелдей түсетіндей. Найзағай алмаған жанын ол 71 жасында өз қолымен қиған деседі.