• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2024

Барлық өңірде суару маусымы аяқталды

110 рет
көрсетілді

Вегетация кезеңі 1 сәуірде басталған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл министрлікке қарасты «Қазсушар» мекемесінің филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт жасасқан.

Министрлік мәліметінше, тұтыну тұрғысында көш басында Қызылорда облысы (3,7 млрд текше метр) тұр. Түркістан аймағының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алған. Жетісу облысы диқандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр суды пайдаланған.

«Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды. Біз былтырғы жағдайдан тәжірибе жинап, сабақ алдық. Осының нәтижесінде биыл шаруаларды үздіксіз суармалы сумен қамтамасыз еттік. Су дипломатиясы да маңызды рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Биыл Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елімізге бастапқыда болжанған көлемнен артық су жіберді», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінде ведомство тасқын кезеңіне дайындықты бастады. Солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Ал оңтүстік облыстардағы су қоймалары керісінше, су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі отырысында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс кестесі жасалмақ және келесі жылға су беру көлемі бекітілмек.