• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 16:58

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

44 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.