• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:37

Астанада жатақханадан өрт шықты

26 рет
көрсетілді

Бүгін Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатқан.

ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарған. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Айта кетерлігі, ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы өртті сөндіру жұмыстарына кедергі келтірген. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілген.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.