• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:19

«Жаяу жүре алмаймын»: Қостанай әкімі тендер арқылы қымбат көлік сатып алған

39 рет
көрсетілді

Жақында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев құны 23 миллион теңгелік су жаңа Kia Sorento автокөлігінің иесі атанды. Алайда әкім бұл көлікті тендер арқылы алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс орталығының басшысы жергілікті БАҚ өкіліне жаңа көлік әкім аппаратына тиесілі екенін айтты. Әкімнің айтуынша, ол қалада жаяу жүре алмайды, сондықтан көлік алуға тура келді.

«Иә, көлікті мен жүргіземін, басқа амал жоқ. Менің ойымша, біз өзіміз шығаратын автокөлікті сатып алғанымыз дұрыс шешім болды. Көлік әкім аппаратына тиесілі», деді Марат Жүндібаев.

Оның айтуынша, жаңа көлік жұмыс істеу үшін қажет.

«Қазіргі уақытта көлік - қалам немесе компьютер сияқты аса қажетті құрал. Бұл нарықтағы орташа баға. Егер мен Mercedes немесе Jeep сатып алсам, онда барлық наразылық орынды еді. Бірақ мен бұл жерде айтарлықтай ештеңе көріп тұрған жоқпын», деді әкім.