• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қазан, 2024

Білім саласының қызметкерлері қомақты қаржы жымқырған

241 рет
көрсетілді

Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Оларға қатысты 7 қылмыстық іс қаралды. 

Түркістан облыстық прокуратурасының мәліметінше, 7 қылмыстық істің бесеуімен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр. Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 істі облыс прокуратурасы сотқа жолдаған.

«Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды», делінген Түркістан облыстық прокуратурасының хабарламасында.