• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

«Майқайыңалтын» кенішінде жұмыс қайта жанданды

135 рет
көрсетілді

2024 жылдың басында 4 жолаушысы бар  автобус  құлаған «Майқайыңалтын» АҚ шахтасының аумағында тау-кен жұмыстары қайтадан басталды. Қайғылы оқиғадан кейін мұндағы қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған еді. Бүгінде адамдар біртіндеп жұмысқа қайта оралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшылар бірте-бірте жұмысқа қайта оралған. Нақты қанша адамның өз жұмысын қайта бастағанын қазан айының соңында ғана анықтауға болатыны хабарланды. Бұл ретте, «Майқайыңалтын» АҚ басшылығының айтуынша, бетон құю кешенін іске қосқанын ескерсек, штат ұлғаюы әбден мүмкін.

«Жұмыс қазан айының басында басталды. Қайғылы оқиға бұрын жұмыс істеген жерлерде болған. Қазір біз жұмыс істейтін жерде бәрі жақсы. Іздеу жұмыстары кезінде шахта жабылды. Іздеу жұмыстары аяқталып, дайындық жұмыстарын жүргізіп, өндіріске кірістік. Шахта да, зауыт та жұмыс істейді. Өңіріміз көркейіп, мерейі асқақтай береді», деді «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаев.

Ал «Майқайыңалтын» аумағындағы шахталарда жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданса да, кәсіпорынның өңдеуші фабрикасы мен әкімшілік бөлімшелері жұмысын жалғастырды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 4 қаңтарына қараған түні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 жолаушысы бар автобус ойыққа құлап кеткен еді.