• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

212 рет
көрсетілді

Бас прокуратура Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С.Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К.Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Бас прокуратура С. Бакиров пен Е.Бекмановтың қызметінен босатылуына қылмыстық процес барысында заңдылықты бақылауда жіберген кемшіліктері себеп болғанын мәлімдеді.