• RUB:
    5.04
  • USD:
    485.04
  • EUR:
    525.98
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада көпқабатты тұрғын үй маңынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды

37 рет
көрсетілді

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің маңынан бойжеткен қыздың мәйіті табылған. Полиция марқұмды тұрғын үйдің 24-ші қабатынан құлап кетті деп болжаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаменті бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында бойжеткен қыздың мәйіті жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

«Полиция келгеннен кейін 22 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз биіктіктен құлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.