Абай ауданында 11 жастағы қызды көлік қағып, мерт қылған. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа сәйкес, көлікті жергілікті мешіттің имамы жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай ауданының полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қазан күні сағат 11:40 шамасында Үржар ауылындағы Гагарин көшесімен келе жатқан Toyota Rav-4 көлігін тізгіндеген 44 жастағы жүргізуші 11 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші Үржар аудандық орталық аудандық ауруханасында қайтыс болған.
«Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Абай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», делінген хабарламада.
Бұл ақпаратты облыстың бас имамы Абай Асқар Мұқанов растады. Ол көлікті шын мәнінде ауыл мешітінің имамы жүргізгенін айтты. Оның айтуынша, көлік сағатына 40 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен үйлердің бірінің ауласында байланған иттің үрген дауысынан қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген.