• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Астанада 28 жастағы жігіт 11 кило героинмен ұсталды

270 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 маусым. Астана қалалық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағында заңсыз есірткі тасымалдаған 28 жастағы Ақмола облысының тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция қызметкерлері ақмолалық жігітті жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қолға түсіріп, одан салмағы 300 грамм героин тәркілеген. Кейін ұсталған жігіттің тұрып жатқан мекенжайы тексеріледі. Тінту кезінде шаруашылық құрылысынан тағы да есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бұл заттардың героин екенін анықтады. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы – 11 кило. Оның қара базардағы құны жарты миллион АҚШ долларынан асады. Мұндай көлемдегі героинді 55 мың рет мөлшерде (доза) қолдануға болады. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 289-бабымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдікті Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған департаменттің қызметкерлері есірткінің жеткізу мен өткізу арналарын анықтау мақсатында кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, арнайы операция барысында ұсталған күдіктінің Астана аумағында тіркелген есірткі қылмыстарына қатыстылығы тексеріледі. Еламан Қоңыр. Дерек: Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: lada.kz.