• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қазан, 2024

Экспортқа бағытталған жобалардың өрісі кеңейеді

110 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңес өткіз­ді. Оған жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Атамекен» ҰКП басшылықтары, сондай-ақ бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты.

Негізгі мақсат – Мемлекет басшы­сының экономиканы әртараптандыру мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру.

«Бәйтерек» холдингінің экономи­каның түрлі салаларында пилот­тық жобаларды іске асырудағы жаңа тәсілдері қарастырылды. Бұл инвес­тициялық жобаларды қарау талаптарын жеңілдету және біріздендіру, сондай-ақ өтінім бергеннен бастап, жобалық қуатқа шыққанға дейін бизнес-бастамаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бірінші кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, тереңдете өңделген металлургия өнімдері мен басқа да жобалар қарастырылды.

«Бәйтерек» холдингі енгізген бірың­ғай және жеңілдетілген өтінімдерді қарау регла­менті бизнеске көрсетілетін мемле­кеттік қолдаудың ашықтығын әрі тиімді­лігін арттырады, сондай-ақ ішкі нарықта отандық өнімнің өсу қарқынын арттырып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Премьер-министр бизнеске көр­сеті­летін қолдау шараларының тиімді­лігін арттыру мақсатында әкімшілік шығындарды азайту қажеттігін атап өтті.

«Мемлекеттік органдар мен даму институттары бизнеспен барынша қолайлы жағ­дай режімінде жұмыс істеп, елімізге қа­жет экспортқа бағытталған өндірістерді дамы­туға дайын тиімді кәсіпкерлерді белсенді іздеуі керек», деп атап өтті О.Бектенов.

Үкімет басшысы ірі кәсіп­орындардың шағын және орта биз­неспен тығыз жұмыс істеуінің ма­ңызын ерекше атап өтті. Отандық өндіру­шілердің тауарлары, қызметтері мен жұмыстарын сатып алу бойынша өз уақытында оффтейк-келі­сімдер жасау қажеттігі айтылды. Осы­лай­ша, қолдау шаралары тек белгілі бір кәсіп­керлерге ғана емес, жалпы қазақ­стан­дық өндірісті дамытуға оң әсер етуге тиіс.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдіктері, «Бәйтерек» холдингі мен «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесе жаңа проактивті жұмыс форматына көшуді жедел түрде қамтамасыз ету тапсырылды.