• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қазан, 2024

Су тасқыны: Италия қауіп шыңында, Франция қыруар шығынға батты

184 рет
көрсетілді

Италияда сейсенбіге дейін су тасқыны қаупіне байланысты қызыл және қызғылт сары ескерту деңгейі сақталады. Францияның орталығында апат орасан зор шығын әкеліп, халықты жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Италияда нөсер соңы тасқынға ұласып, бірнеше өңірде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланған.  Ең көп зардап шеккен Эмилия-Романья аймағы. Болоньяда тасқын ағызып алып кеткен көлікте кішкентай бала  құрбан болған.Тосканадағы Эльза және Сицилиядағы Сальсо өзендері арнасынан асып кеткен. Екі аймақтың тұрғындарына аса қажет болмаса, сапарға шықпауға кеңес берілгені хабарланды.

Айта кетейік, қауіптіліктің жоғары деңгейі сейсенбіге дейін төмендемейді делінген.

Сонымен қатар, Орталық Францияда су тасқыны салдарынан аймақ тұрғындары жарықсыз қалған. Ардеше департаментінің кейбір аудандарында 48 сағат ішінде 700 миллиметрге дейін жауын жауған, бұл Париждегі жылдық нормадан көп екенін белгілі болды.

Францияның ішкі істер министрлігі Париж зардап шеккен аймақтарға қосымша 1500 құтқарушы жібергенін хабарлады.