• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қазан, 2024

Бразилия Президенті өз резиденциясында құлап, жарақат алған

147 рет
көрсетілді

Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва сенбі күні резиденциясында болған оқыс оқиға салдарынан басынан жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

G1 порталының хабарлауынша, оның 20 қазанда өтуі тиіс Ресейге жоспарланған сапары медициналық ұсыныстарға байланысты тоқтатылған. Лула да Сильва келесі аптада бейнеконференция арқылы БРИКС саммитіне қатысатыны хабарланды.

Айта кетейік, жарияланған медициналық бюллетеньге сәйкес, Лула да Силва астанадағы Сирио Либанес ауруханасына «желке аймағындағы жарақат» диагнозымен түскен. Дәрігерлердің айтуынша, Президенттің жағдайы ауыр емес, бірақ кардиолог Роберто Калил Фильо оған ұзақ сапарға шығудан бас тартуға кеңес берген.

78 жастағы Лула да Сильва дәрігерлердің бақылауымен басқа қызметтерін атқара алатыны атап өтілді. 

Бразилия Президенті жексенбі күні түстен кейін елордадағы авиабазадан ұшып шығуы керек болған. Ресейдегі іс-шаралар сейсенбі, 22 қазанға жоспарланған. Сапар бағдарламасына Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесулер енгізілген.