• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Қырғызстанның Ыстықкөл аумағында қар жауды

495 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 маусым. Қырғыз елінің туристік саласының дамуына сүбелі үлес қосып отырған Ыстықкөл аумағында қар жауды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Ыстықкөл облысының Ақсуй ауданында қар жауып, 160-тан астам бас мал қырылып қалды. Нақтыласақ, 150 қой, 2 сиыр және 15 қодас жаз айында жауған қардың ызғарына шыдас бермей қырылған. Айта кетейік, елдегі төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан мәліметінше, ақ ұлпаның биіктігі 50-60 сантиметрге дейін жеткен. Сондай-ақ, Сары жаз жайылымына апаратын жолда өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір бұзылған. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмыс жасауда. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».