Бүгін Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының бозкілеміне бірінші болып грек-рим күресінің шеберлері шығады. 21 қазан күні біліктілік раундтары мен жартылай финалдар жоспарланған. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады.
Ел командасынан бүгін мына балуандар бақ сынайды:
60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев; 67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошқар; 72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов; 82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев; 97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов.