Елімізде Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздар тағайындалған:
Ақтөбе - Шалқар бағыты бойынша № 630/629 пойызы 2024 жылдың 22 қазанынан бастап екі күнде бір рет жүреді; Астана – Шымкент бағыты бойынша № 204 пойыз 2024 жылдың 21 қазанынан бастап күн сайын жүреді; Шымкент – Алматы бағыты бойынша № 216 пойыз 2024 жылдың 22 қазанынан бастап күн сайын жүреді; Алматы – Астана бағыты бойынша №201 пойыз 2024 жылдың 23 қазанынан бастап күн сайын жүреді.Сондай-ақ қала маңы бағытында 2024 жылғы 25 және 27 қазанда Қарағанды-Астана жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорттық станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 электр пойызының бағыты Қарағанды – Астана – Бурабай курорты:
Астанадан шығу 10:40, Бурабайға келу 13:15; Бурабайдан қайту 14:10, Астанаға келу 17:00.Сонымен қатар 2024 жылдың 25, 26 және 27 қазанында Ерейментау-Астана-Көкшетау бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамы қосымша вагондармен толықтырылады.