Әлемдегі ең қымбат газеттің бірі – «Zimbrulu si Vulturulu». 2006 жылы аукционда газеттің бір данасы 1,1 миллион долларға сатылған.
Газет – алғашқы румын басылымдарының бірі. 1857 жылы жарық көрген. Газетте сирек кездесетін «Cap de bour» маркалары болғандықтан, ол қымбатқа бағаланған. Басылымда 1858 жылы Молдовада шығарылған атақты маркалардың сегіз данасы жарық көрген. Олар алғаш рет пошта жүйесінде қолданылған. Маркалар сирек кездесетіндіктен, коллекционерлер арасында жоғары бағаланады.
Соқыр шахмат
Шахматтың біз білетін бір-ақ ережесі бар. Ал біз білмейтін нұсқалары көп-ақ. Соның бірі – соқыр шахмат.
Соқыр шахмат – бұл ойыншылардың тақтаға қарамай, тек түйсікпен ойнайтын ерекше нұсқасы. Ойыншылар барлық жүрісті есте сақтап, фигуралардың орналасуын ойша қадағалайды. Сондықтан бұл ойында мат қою үшін есте сақтау қабілетің мықты болу керек. Тарихта әйгілі шахматшы Фрэнк Маршалл бірден 10 партияны соқыр шахмат форматында ойнап, қарсыластарын таңғалдырған.
350 жылдық алып ағаш
Беларусь елінде 350 жылдық тарихы бар алып емен өседі.
Еменнің биіктігі шамамен 30 метр, ал діңінің диаметрі – 2 метр. Сарапшылардың бағалауынша, ағаштың жасы 350 жылдан кем емес. Қазіргі кезде алып еменге табиғат ескерткіші мәртебесі берілген. Мозырь тәжірибелік орман шаруашылығы мамандары емен өсетін орман аумағын туристік орынға айналдыруды жоспарлап отыр. Жалпы, Беларусь жерінде бұдан басқа да алып емендер өскен. Бірақ олар шіри бастағандықтан тұрғындар ағаштарды кесуге тура келген.