АЛМАТЫ. 16 маусым. АҚШ Әскери әуе күштерінің министрі Дебора Ли Джеймс Еуропаға америкалық истребительдердің ең соңғы бесінші буыны – «F-22 Raptor» экадрильясын орналастыруға рұқсат етті. Ле-Буржедегі (Франция) авиасалонда журналистерге берген сұхбатында Джеймс ханым сондай мәлімдеме жасады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
«АҚШ әуе күштерінің ең соңғы ультра-қазіргі заманғы истребительдерінің Еуропа жаққа қоныс аударуы – Ресейдің аумақтағы күш көрсету әрекеттеріне жауап болады» деді министр. Еуропаға тосын келген іс-сапарының сырының да осында жатқанын еске салған министр-әйел, Ресейдің қазіргі әрекеті мен ол елдегі болып жатқан саяси оқиғалар қауіп-қатердің таяп қалғанын байқататынын да атап өтті. Сондай-ақ, министр Еуропадағы НАТО мүшелеріне қорғанысқа арналған қаражатты бастапқы келісімге негіздеп бөліп тұруын еске салды. «Біз Еуропадағы Одақтастарымызбен қай кезде де, қандай жағдайда да иық тіресіп бірге боламыз деп сендіремін», – деді Дебора Ли Джеймс.
Дүйсенбі күні Пентагон Шығыс Еуропаға танк қоймалары мен ауыр техника жеткізу туралы мәселе талқылады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: ВВС.
Сурет: Reuters.