• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2024

Алматыда шетелдіктен 4,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді

119 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері жеке үйлердің бірінде 50 жәшікке 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізін сақтаған Қытай азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы операцияны Киберпол қызметкерлері жүргізген. Ұсталған 58 жастағы ер адам Алматы облысынан ақбөкен мүйізін сатып алып, оны Қытайға емдік мақсатта пайдалану үшін тасымалдамақ болған.

«Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр», деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талант Исаев.