• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Экология 22 Қазан, 2024

«Бурабай» паркінің орман алқабы ұлғайды

93 рет
көрсетілді

2024 жылы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман алқабын ұлғайту жоспары аясында 104,9 гектар жерге көшет егілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бурабай» МҰТП мәліметінше, жұмыс негізінен Ақылбай, Бурабай, Золотобор, Жалайыр, Мирный, Приозерный орманшылықтарында жүргізіліп, жергілікті мамандар 839,2 мың түп қарағай көшетін отырғызған.

Бұл – саябақтың орман қорын және экожүйесін сақтаудағы маңызды қадам. Аталған жұмыстар келер жылы да жалғасады.