• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 22 Қазан, 2024

19 жерінен пышақтаған: Түркістанда ер адам әйелінің туысын өлтірмек болған

59 рет
көрсетілді

Бұрынғы әйелімен тұратын балаларын көруге барған түркістандық тұрғын үйде жанжал шығарған. Артынша жұбайының туысын бірнеше жерден пышақтап, қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан қаласының тұрғыны 19 жерінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен.

Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті  түсініктеме беріп, күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары қабылданғанын жеткізді.

«Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған «кісі өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде күдікті мен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.