• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2024

Қоғамдық орында ішімдік ішкендер жазаланды

108 рет
көрсетілді

Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы тұста полицейлер әкімшілік құқықты бұзған 300-ден астам адамды анықтады, деп жазады Egemen.kz

Оның ішінде көші-қон заңнамасын 81 адам бұзса, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкен 51 тұрғын, ұсақ бұзақылық жасаған 23 азамат, жол жүру ережелерін бұзған 13 жаяу жүргінші мен мас күйінде көлік жүргізген 4 жүргізуші ұсталды.

Мәселен, қаладағы үйлердің бірінің ауласында алкоголь ішкен екі жас қолға түскен. Көшеде ішімдік ішкені үшін құқық бұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапқа тартылған. 

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық құқық бұзушы жауапқа тартылды. Бұдан басқа, 65 адам уақытша бейімдеу және ұстау орталығына орналастырылды», деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.