• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қазан, 2024

Республика күніне орай біржолғы төлемдер беріледі

121 рет
көрсетілді

Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Біржолғы төлемді екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері, АИТВ инфекциясы бар балалар, туберкулезбен ауыратын науқастар, барлық топтағы мүгедек адамдар және азаматтардың басқа да санаттары алады.

Мүгедектігі бар адамдар мерекеге 20 мың теңгеден алады (олардың саны 22,5 мыңнан астам). АИТВ-мен ауыратын балаларға 87 мың теңгеден төленеді. Туберкулезбен ауыратын қарағандылықтар 18 мың теңге көлемінде төлем алады.

Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне 15 мың теңгеден төленбек. Қарағандыда мұндай 6 азамат бар. Жауынгерлік әрекеттің ардагерлері мен Чернобыльдағы атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан адамдар 44 мың теңгеден алады.

Айта кетейік, елімізде Республика күні 25 қазанда атап өтіліп, сол күні Қазақстан халқы демалады.