• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қазан, 2024

Жоғары аудиторлық палатаның үздік қызметкерлері марапатталды

37 рет
көрсетілді

Жоғары аудиторлық палатаның үздік қызметкерлері Республика күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды. Салтанатты іс-шара барысында оларды Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Жоғары аудиторлық палата аудиторлары «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен марапатталды. 

Ұжымды құттықтай отырып, Әлихан Смайылов Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда өткен Ұлттық құрылтай отырысында айтқанын еске салды.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы белгілеген экономиканы одан әрі дамытудың негізгі міндеттерін іске асыруда мемлекеттік аудит органдарының рөлі өте маңызды екенін атап өтті.

«Әріптестер, сіздер атқарып отырған жұмыстың маңызы өте зор. Жауапкершілікпен объективтілік – сәттіліктің кепілі. Алдағы уақытта да кәсіби маман екендеріңізді көрсетіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылатындарыңызға сенімдімін», деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Мерекелік іс-шара аясында Республика күніне орай өткен балалар суреттері конкурсының жеңімпаздары да марапатталды. Әлихан Смайылов оларға естелік сыйлықтар табыс етті.