• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Қазан, 2024

Шын қуанатын шуақты мереке

96 рет
көрсетілді

Биыл Мемлекеттік сыйлыққа қаламдастар менің балалар әдебиетінің сыны жайындағы «Адамның бір қызығы бала деген» атты кітабымды ұсынды. Сараптама комиссиясы еліміздің талантты ақыны Светқали Нұржан екеумізді лайық деп тауыпты.

Мемлекеттік сыйлықты әді­лет­ті Қазақстанның көшбас­шысының қолынан алғаныма да бек қуаныштымын. Ал­да еліміздің адамзаттық өрке­ниет­ке өзінің ұлттық болмысымен, салт-дәстүрімен, рухани жиһазымен жеткенін қалаймын. Сол күні халқыммен бірге шындап қуанатын болуым керек. Ата-бабаларымыз қиын да күрделі жолды жүріп өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы бізге де оңай болмады. Қателіктен сабақ ала жүріп жетіліп келеміз. Тағдыр аямаған ұлт пер­зен­тінің қуанышы толық қуа­ныш бола ала ма? Мемлекеттік сый­лық шарасының мінберінде тұрып бүгінгі жамиғатқа ендігі жаңа уақыт, жаңа қазақ қоғамы адаспаса екен деп ті­ледім. Жаңарған қазақтың те­геурінді ұрпағы бақыт бесігінде жасаса екен!

Мемлекеттік сыйлықты ал­ған еңбегімді жалғастырып, енді «Адамның бар қызы­ғы бала де­ген» атты балалар әде­бие­ті­нің бары мен нәрін, кең­ші­лігі мен жоғын түгендейтін тағы бір кітапты аяқтауға жақындадым.

Бүгінгі Республика күніне келсек, бұл күн – біздің баладан данаға дейін, бұқара халықтан билік басындағыларға дейін терең таным тұрғысынан түсініп, жан-жүрегімізбен қабылдап, шын қуанатын нағыз ұлттық ме­реке. Ұлтымыз­дың, мемлекетіміздің тағдыры ше­шіл­ген шуақты күн. Аспанды бұлт торлап, жер-көкті тұман алса, кейін аспан ашылғанда адам баласының да көңіл күйі көтеріліп, бір жасап қалмай ма? Одан да зор қуаныш – осы күн. Сондықтан Респуб­лика күні қазір де, болашақта да тәуелсіздігіміздің айбары болады деп санаймын. 

 

Құлбек ЕРГӨБЕК,

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиет сыншысы