• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Дін 25 Қазан, 2024

Атыраулық жастар дін тақырыбында дәріс тыңдады

294 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Атырауда жастар арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шаралар Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша 14-18 қазан күндері өтті.

Іс-шараға теолог, дінтанушылар Сариев Сұлтангелді Серікұлы – Атырау облысы, «Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог маманы, Алпысбаева Назым Сейтханқызы – «Қарағанды облысы, конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығының» психолог маманы,  Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы – Маңғыстау облысы, Дін істері басқармасы «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы, Өтеген Өсер Өтегенұлы – Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер қатысты.

Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Доссор және Мақат аудандарының колледж және университет студенттерімен, спорт мектептерінің спортшылары мен жаттықтырушыларымен, жастар ресурстық орталығының жас мамандары мен қызметкерлері «Зайырлы мемлекет: заң, ұғым және қағидаттар», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Теріс діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі», және т.б. тақырыптар аясында дәріс тыңдады.