• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Баланы ұшаққа отырғызбай қойған әуе компаниясы сотта жеңіліп қалды

36 рет
көрсетілді

Орал қаласының 12 жасар тұрғыны Зерені ұшаққа мінгізбей Астана әуежайында жалғыз қалдырған әуе компаниясына қатысты сот отырысы аяқталып, қыздың отбасының пайдасына шешім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Сот «Air Astana» әуе компаниясын Зеренің анасына моральдық шығын ретінде бес миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді, - деп мәлімдеді отбасының адвокаты Данильхан Шагатаев.

Оқиға 2024 жылдың 21 шілдесінде орын алған. 12 жасар Зере мен оның егізі Зәуре Астана - Орал бағыты бойынша ұшып, ата-анасына оралуы тиіс болған. Алайда, «FlyArystan» компаниясының ұшағын ауыстыруына байланысты орын жетіспей, Зере рейске жіберілмей қалады. Оның орнына 19 және 20 шілде күнгі рейстерден қалған жолаушылардың бірі отырғызылады.

Әуе компаниясы қызды қонақүйге орналастыруды ұсынғанымен, анасы оны жалғыз қалдырудан бас тартады. Кейіннен Зереге туысы келген соң, әуе компаниясының қызметкерлері оны рейс жолаушысы болмағандықтан қонақүйге орналастыра алмайтындарын айтады.

Отбасы әділеттілік іздеп жасөспірімнің құқын қорғау үшін сотқа жүгінді. Сот олардың талабын қолдап, овербукинг фактісі мен кәмелетке толмаған жолаушымен дұрыс қарым-қатынас жасалмағанын растады. Адвокаттың айтуынша, азаматтық авиация комитеті осындай оқиғалар қайталанбауы үшін түзетулер енгізуді қолға алған.

«Air Astana» компаниясы сот шешімімен келіспесе, апелляцияға бере алады.