Павлодарда жаппай төбелес болды. Оны ұйымдастырған тұрғындардың кім екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті басылымға сілтеме жасап.
Оқиға Қамзин көшесінде болған. Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кейін видео Telegram-дағы арналардың бірінде тарады.
Жарияланған кадрларда бір топ жігіттер жол бойында төбелескенін көруге болады. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау түнгі сағат 01:00-де түскен. Жаппай төбелеске қатысқан 22 жастан 36 жасқа дейін ер адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
- Тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Төбелесте кәмелетке толмағандар болмағаны анықталды, - деп хабарлады департамент.
Төбелеске барлығы онға жуық адам қатысқан, олардың жеке басы анықталды.