• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Павлодарда оқытушылар С.Торайғыровтың кесенесіне барды

348 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 16 маусым. Баянауылдың Торайғыр ауылындағы кесене басында университет ректоры Арын Орсариев бастап келген ғалымдар ақын рухына құран бағыштады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, ақынға арналған ауылдағы музейде болды. Ақын кесенесі маңындағы 2002-2007 жылдары университет археологтары зерттеген ежелгі сақ дәуіріндегі «Торайғыр VI мәдени қорымдар» кешенін аралап көрді. Экскурсия барысында университеттің Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу орталығының қызметкері Илья Мерц ескерткіштің ерекшеліктеріне және көшпенділердің дүниетанымы туралы баяндады. Жалпы, бұл «Торайғыр VI қорымы» бірнеше «қойтас» ескерткіші мен «бұғылы» тастары бар «мұртты» 12 діни қорғаннан тұрады. Ескерткіш бұғылы тастың насихатталуының солтүстік-батыстық ошағы болып саналады. Солтүстік-Шығыс сақ мәдениетін қалыптастырудың бастапқы кезеңін бейнелейді.  Сонымен қатар, университеттің археологиялық зерттеу орталығы ежелгі сақ дәуіріндегі «Торайғыр VІ қорымындағы» табынушылық-жерлеу рәсімдері бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz