• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Көрме 30 Қазан, 2024

Ұлт жауһарлары Париж төрінде

61 рет
көрсетілді

6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қол­дауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақ­стан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тарихи-мәдени Қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады.

Еліміз Еуропа ел­де­рімен мә­дени-гу­ма­нитарлық ын­ты­мақтас­тықты нығайтуға көп көңіл бө­ліп келеді. Бұл саладағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – тари­хи-мәдени мұраны дәріптеу.

Қорында еліміздің бірнеше мәдени жәдігері бар, Азия өнерінің әлемдегі ең толық, Еуропа аймағындағы ең ірі коллекциялары сақталған Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде Қазақстанның тарихи мұрасынан көрме өткізу өнер әлеміндегі елеулі оқиға болатыны анық.

Аталған көрме музей жә­дігерлерін иммерсивті тех­­нологиялардың сүйе­мел­­­де­уі­мен қазақ мемле­кет­ті­лігінің ға­сыр­лар бойы да­муының тарихи-өрке­ниетті бастауларына, қазақ халқының мәдени кодының сабақтастығы мен біре­гейлігіне ерекше назар аудартады. Сондай-ақ Еуропа және француз жұртшылығына Қа­зақстан мәдениетінің көпғасырлық тарихы мен бай қазынасын көрсетуді мақсат етеді.

Экспозицияда ел тари­хының негізгі кезеңдерін (б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейін) сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған.

Экспозиция 5 бөлімнен тұрады. Атап айтсақ, «Тобыл ойшылы, Ботай мәдениеті және жылқыны қолға үйрету», «Алтын Адам. Алғашқы сақ мемлекеттерінің пайда болуы», «Тас мүсін (Балбал). Түркі билігі кезеңіндегі орта­ғасырлық Қазақ­стан», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шы­рағдандары. Исламның дамуы», «Қазыбек бидің шапаны. Қазақ хандығы және бүгінгі Қазақстанның пайда болуы».

Ашылу салтанатына Қа­зақстан мен Францияның көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлері, дипло­ма­тия­лық корпус, мәдениет және өнер өкілдері, ғылыми және студенттік қоғамдастық, Еу­ропадағы қазақ диаспорасы өкілдері қатысады.

Айта кетейік, көрме келесі жылдың 24 нау­рызына дейін жалғасады.