• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 30 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Қоштасуға үш минут жеткілікті

84 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландиядағы әуежайда үш минуттан артық құшақтасуға болмайды.

Басшылықтың айтуынша, ұзаққа созылған қоштасу мен қауышудан әуежайға көп адам жиналып қалады. Соның салдарынан жұмыстың өнімділігі азаяды-мыс. Шектеудің негізгі себебі – осы. «Ал сонша көп адамның уақытын кім есептеп отырады?» дейтін шығарсыз. Данидин халықаралық әуежайы бұл мәселені де назардан тыс қалдырмаған. Мекемеде орнатылған арнайы құрылғы әр секундты есептеп, ережені елемегендерге айыппұл арқалатады.

 

Жалған ақпаратты анықтайды

«YouTube» платформасы бұдан былай жасанды интеллект жасаған бейнетаспаны тани алады.

Нейрожелі кейінгі кезде қарқынды дамып, түрлі салада кеңінен қолданыла бастады. Бұның игілігімен қатар қи­ғы­лығы да болды. Соның бірі желі қол­дану­шылары жасанды зерде жасаған жалған мәліметті ақиқат ақпараттан ажырата алмайтын. Енді «YouTube» желісінде шы­найы бейнетаспаларға «Камерамен түсірілген» белгісі қойылады. Бұл платформа көрермендеріне контенттің ара-жігін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Тоқ жүргізілген жол

Әлемде асфальт жол салуда түрлі озық технологияны қолданып, жақсы нәтижеге жеткен ел көп. Мысалы, Германияда салынған жолға кемі 30 жыл кепілдік бар. Яғни мердігер осы мерзім өткенше тех­никалық жағдайына жауапты. Ал Фин­ляндия қыстыгүні жолдарды тоқпен жылытып отырады.

Температура белгілі межеге дейін төмендегенде құрылғы автоматты түрде жылыту жүйесін іске қосады. Демек ол керек уақытта ғана жұмыс істеп, электр энергиясын артық шығындамайды. Бұл технология жол құрылысы кезінде қымбат болғанымен, кейін өзін-өзі ақтайды. Өйткені күннің суығында мұз қатып, қайта ерігеннен жолдар бүлінеді, ал жылыту арқылы жол жамылғысының пайдалану мерзімі ұлғаяды.