• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 30 Қазан, 2024

Өзбекстандағы сайлауды байқауға қатысты

117 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жа­қып Асанов Өзбекстанға сапары аясында Олий Мәжіліске пар­ла­менттік сайлауын байқауға қатысты. Бұл сапар сайлауға халықаралық мониторинг жүр­гізудің маңызын көрсетеді әрі өңірдегі демократиялық реформаға ашықтық пен сенімділікті арттыруды көздейді.

Ж.Асанов Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының дайындығын жоғары бағалады және ашық әрі рәсімі реттелген сайлау өткізуге елеулі үлес қосқанын атап өтті. Оның айтуынша, сайлауды ұйымдастыру мен техникалық қолдау деңгейінің жоғары болуы сайлау заңнамасы және сайлау өткізу стандарттарын сақтауға ерекше мән берілгенін көрсетеді.

Депутат дауыс беру және дауысты санау рәсімдерінің ашықтығымен қоса, сайлау үдерісі кезеңдерінде барлық заңнама ережесін ұстануға ерекше назар аударды. Өзбекстандағы демократия мен саяси тұрақтылықты нығайтудағы маңызды қадам болғаны және екіжақты қатынастардың дамуы мен бауырлас елдер арасындағы жалпы сенім ахуалына оң әсері атап өтілді.

Ж.Асанов байқау қорытындысы бойынша Өзбекстандағы сайлау институттарының одан әрі дамуына сенім білдіріп, демократия үдерістерін нығайту елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне берік негіз болатынын атап өтті. Осындай байқау миссиялары Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік институттары арасындағы әріптестік қатынасты тереңдетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Парламенті Сенаты төраға­сының орынбасары Өзбекстанға сапар аясында мемлекетаралық қатынасты нығайтуды көздейтін бірқатар кездесу өткізді. Жақып Асанов Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынасты нығайтудың стратегиялық маңызын атап өтті. Ол күшіне енетін одақтастық қатынас туралы шарт елдер арасындағы сенім мен ашықтықты тереңдетудегі маңызды қадам болатынын жеткізді.

Сонымен қатар Ж.Асанов Өзбекстан махаллалар қауымдастығының басшысы Кахрамон Құрбонбаевпен кездесу барысында Өзбекстанда жергілікті өзін өзі басқару тетігі ретінде құрылған «махалла жетілігі» деп аталатын құрылымның маңызына тоқ­талды.