• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қазан, 2024

Түркістан тұрғыны өзгенің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, мемлекеттен қаржы жымқырған

110 рет
көрсетілді

Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауран ауданының тұрғыны «О» деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия (203 млн теңге) алған. 

«Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген. Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген», делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Күдіктінің  2 ай мерзімге қамауға алынғаны хабарланды.