• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 31 Қазан, 2024

Су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

103 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қазақстанның оңтүстік облыстарының су қоймалары 55%-ға толы. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Ал солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберіліп жатыр. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.

Бүгінгі таңда солтүстіктегі су қоймалары 79%-ға толы. Батыс облыстар бойынша су қоймаларының орташа су жинау көлемі - 44%. Шығыстағы су қоймалары 89%-ға толы болса, Орталық Қазақстандағы су қоймаларында 85% су бар.

«Бүгінгі таңда барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Алайда, жұмыс кестесі су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты әлі де түзетіледі. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облыстарға су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.