• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Қазан, 2024

Қар басу қаупі бар учаскелерде ағаш қалқандар орнатылады

105 рет
көрсетілді

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спикердің айтуынша жел тармақтарының өзгеруіне байланысты жыл сайын қар басу қаупі бар жаңа учаскелер пайда болып жатыр. Мұндай жағдайларды азайту үшін уақытша ағаш қалқандар орнатылмақ.

«Биыл 31 мың қалқан орнату жоспарға алынған. Автомобиль жолдарын реконструкциялау және күрделі жөндеу шеңберінде стационарлық қар ұстайтын қоршаулар қою көзделген. Осы жыл қорытындысы бойынша жобалар шеңберінде 74 км стационарлық қардан қорғайтын қоршау орнатылды», деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, республикалық автомобиль жолдарында 96 жол-пайдалану учаскесі және 125 жол-пайдалану пункттерінде техникалар орналастырылады және жол-құрылыс, инертті материалдар сақталады.