• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қараша, 2024

«Қазақстан барысына» – пәтер мен көлік

42 рет
көрсетілді

«Қазақстан барысы» тур­нирі – жыл сайын елі­міздегі үздік ба­луан­дар­дың басын қосатын, дәстүрге ай­налған дүбірлі дода. Би­ылғы турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 42 үздік балуан қатысып, бақ сынасты.

Абай облысының әкімі Нұр­лан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің биылғы жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен турнирдің қола жүлдегері Саят Шәмшиевті ар­найы қабылдады. Кездесуде өңір басшысы аймақ абыройын асырған балуандарға алғыс білдіріп, олардың жеңісі тек спорттық жетістік қана емес, жас­тарды отаншылдыққа, саламатты өмірге баулитын лайықты үлгі екенін ерекше атап өтті. Ұлттық спортты дамытуға, насихаттауға қосқан үлесі үшін демеушілер атынан қос спортшыға темір тұл­пар табысталды. Сондай-ақ биылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев үш бөлмелі пә­тердің сертификатына ие болды.

Жанкүйерлерге самбо, дзюдо күресі арқылы жақсы танымал Е.Қажыбаев халықаралық ареналарда да айтарлықтай жетіс­тіктерге жеткен. Ол – дзюдодан кадеттер мен жастар ара­сын­дағы ел чемпионатының жүл­­дегері, Джакартадағы Азия ойындарының командалық жа­рысының күмкіс медаль иегері, самбодан Азия чем­пионы, әлем чем­пионатының қола жүлдегері.

«Мен бұл турнирге алтыншы рет қатысып отырмын. Жеңісімді туған жеріме, жерлестеріме арнаймын. Алдағы аламан жа­рыстарға да тыңғылықты дайындалып, ел сенімін ақтауға тырысамын», деді Е.Қажыбаев.

Турнирдің қола жүлдегері, «Болатшы» лақап атымен өнер көрсеткен Саят Шәмшиев те белгілі балуан, халықаралық дә­режедегі спорт шебері, дзюдодан еліміздің чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 

СЕМЕЙ