• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өндіріс 01 Қараша, 2024

Маңғыстауда құрастырылған катер

49 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында құрасты­рылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді. Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилы­бай, Қорғаныс министрінің орын­­ба­сары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күш­тер­дің контр-адмиралы Ратмир Камратов, әскери қызметшілер мен қала тұрғын­дары қатысты.

Жаңа катер теңіздегі мемлекет шекарасын, елдің біртұтастығын қорғауға қызмет етеді. Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катері өңірдің теңіз әлеуеті­нің қарқынды дамып жатқанын аңғартатынын мәлім етті. 

– Президент Жолдауында айтыл­ғандай, жаһандық әске­ри техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлт­­­тық қор­ғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – Отаны­­мыздың инженерия саласының жоға­ры деңгейінің айқын дәлелі, – деді С.Қамалетдинов.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай та­рихи оқиға­­­ның ғалымдардың төккен те­рі­ мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.­

– Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамыту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көріп отырмыз. Өңірімізде жасалған отандық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қыз­мет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құ­ры­­­лысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, – деді облыс әкімі.

Жаңа катерді құрастырған «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-ның директоры Дмитрий Донскойдың айтуынша, серіктестіктің тек қорғаныс саласында емес, аза­маттарға арналған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қол­данылатын техникаларды да жасауға мүмкіндіктері бар.

 

Маңғыстау облысы