Жеке тұлғаларға берілген несие мөлшерлемесі 21,6%-ға өсті. Орташа мөлшерлеме қыркүйектің аяғына дейін 20,2% болған. Бұл туралы Ұлттық банктің «Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі» туралы дерегінде жазылған.
Сәуірден маусымға дейін теңгедегі несие арзандай түсті. Қыркүйекте шетел валютасындағы несие жеке тұлғаларға қолжетімді болды. Сонда көрсеткіш 5,4%-дан 4,4%-ға төмендеді. Заңды тұлғаларға қатысты теңгедегі несие мөлшерлемесі өзгермей, 17,6% деңгейінде қалды.
Халық жеке тұлға банкроттығына көбірек жүгіне бастаған. Алайда банкроттыққа берген өтінімнің 75%-ы мақұлданбаған. «Qoldau.kz» платформасының мәліметінше, жеке тұлғалардан банкроттыққа 124,5 мың өтініш түскен. Бұл өтініштердегі төленбеген борыш сомасы – 266 млрд теңге.
Мақұлданбаудың басты себептері – өтініш берушінің атында дүние-мүліктің болуы, қарыз мерзімі мен сомасының банкроттық талаптарына сай келмеуі.