Қазақстан уақытымен 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы, жартылай орта салмақтағы белбеудің иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесу өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Шавкат Рахмонов бұл мәлімдемеге қатысты пікірін Х әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.
«Белалдың тез сауығып кетуін тілейміз. 100% қайтып келгенде кездесеміз. Әзірге мен #UFC310 турнирінде уақытша титул үшін кез келген үміткерді қабылдауға дайынмын», деп жазды Шавкат Рахмонов.
Ал қазір отандасымыз АҚШ-тағы жаттығуын жалғастырып жатыр.