• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Байқау 02 Қараша, 2024

Семейдің дәмді ірімшігі

291 рет
көрсетілді

Жақында елімізде өткен «Сheese open 2024» халықаралық ірімшік байқауында Абай облысының атынан бақ сынаған Екатерина Паязитова ең дәмді ірімшік жасау шебері атанды.

Ақтауда ұйымдастырыл­ған «Қазақстанның үздік ірімшігін» анықтау сайысы екі кезең бойынша өткізілді. Байқауға қазылық еткен Лоран Дюбуа бастаған қазылар алқасы мен халықаралық сарапшылар ең үздік 10 ірімшік түрін таңдаған. Жеңіске жеткен өнімдер алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Ірімшік жасау шебері 2023 жылы да үлкен жетістік­ке қол жеткізген. Был­­тыр қыр­­күйекте Тур қала­сын­да өткен «Le Mondial du fromage» халықаралық бай­қауына қатысқан Екатери­на Паязитова ірімшік гильдия­сының құрметті мүшесі атанған еді. Осылайша, оның қолынан шыққан өнімдер әлем­дік деңгейде танылып, сарап­шылар мен қазылар алқасын таң-тамаша еткен.

Ірімшік өндірушілер мен жеңіл өнеркәсіпті өркен­детуге бағытталған байқаулар, халықара­лық көрмелерде тәжірибе жинақтап, кәсіп иесі атанған Екатерина келешекте ірімшік цехын кеңейтіп, аймақтағы ірімшік өндірісін дамытуды мақсат етеді.

 

Абай облысы