• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 03 Қараша, 2024

Маңғыстауда компания директоры жұмысшылардың ақшасын жымқырған

1084 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі «Кезби» компаниясына қатысты қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

- Оған компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген айып тағылды, - деп жазды ведомстводан.

Белгілі болғандай, 2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттарын жасасты.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

- Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларға жұмсамай жымқырған.

2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.