Индонезияның шығысындағы Левотоби Лаки Лаки жанартауының атқылауы салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, 10 мыңға жуық адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жанартаудың атқылауы түнде адамдар ұйықтап жатқанда басталған. Вулкандық күлдің бағандары жанартау кратерінен екі шақырымнан астам биіктікке дейін атқылап, қамту аймағы шамамен алты шақырымды құраған.
Билік аймақта қауіптің ең жоғары деңгейін енгізіп, тау кратерінің айналасындағы жеті шақырым аумақта оқшаулау аймағын жариялаған.
Левотоби тауындағы Лаки Лаки бақылау бекетінің қызметкері Фирман Йосефтің айтуынша, адамдар үрейленіп үйлерін тастап кеткен. Осы уақытқа дейін бірнеше үй өртенгені белгілі болған.
Қазіргі таңда барлығы алты адам қайтыс болғаны белгілі. Сондай-ақ жанартауға жақын орналасқан Пуллер, Ныкате, Хокинг Джая, Клатанло, Бору және Бору Кеданг ауылдарында 10 мыңнан астам адам зардап шеккен.
Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз, себебі биліктің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар қираған немесе өртенген үйлер қирандыларының астында қалуы мүмкін.