• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2024

Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса...

67 рет
көрсетілді

Павлодар өңірінде салғырттық салдарынан тілсіз жаудың құрбанына айналып жатқан жандардың қатары азаймай тұр. Жылу маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамау салдарынан бес бірдей адам қаза болды. Өрт сөндірушілер марқұмдардың екеуін жанып кеткен үйдің ішінен тапса, тағы үшеуі пештен бөлінген улы газға тұншығып өлген.

– Өңірге қатты аяз әлі жете қойған жоқ. Соған қарамас­тан адамдар пешті дұрыс пайдаланбаудың құр­ба­нына айналып жатыр. Ақ­тоғай ауданының Мүт­кенов, Шарбақты ауданының Малиновка ауылдарында үй­ден шыққан өрттен екі адам қайтыс болды. Ал Павлодар ауда­нының Черноярка, Заря елді мекендерінде иіс тиген үш адам қаза тапты. Үй­лерінде пеш жағатын тұр­ғын­дардың кейбіреуі қауіп­сіздік талаптарын ескер­мейді. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдай­ларға апарып соқ­ты­руы мүмкін, – дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шай­марденов.

Қысқы жылыту ке­зеңін­де өрт оқиғалары жиі­леп кетеді. Өткен жылу маусымында облыста 77 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапқан. Тағы 10 адам жарақат алған. Тұрғын үй сек­торындағы өрттер мен өлімдердің көпшілігі іш­кі­лікке салынған немесе әлеуметтік осал отбасыларында жиі болады.

«Тілсіз жаудың пайда бо­лу себептері әртүрлі, ең не­гізгісі – салғырттық. Тұр­ғын үй секторында электр жабдықтары мен тұр­мыстық аспаптар­ды мон­таждау және пай­дала­нудағы бұзушы­лық­тар, пеш­терді орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіп­сіздігінің бұзылуы жиі кез­деседі. Тұрғындар түрлі жы­лытқыштарды пайдала­нады. Кейде электр желі­ле­рінде қысқа тұйықталу орын алып, өрт шығады. Об­лыс­тағы өрттердің 70-80 пайы­зы тұрғын үй секторында болады», дейді Қ.Шаймарденов.

Жалпы, өрт оқиғалары­ның 65 пайызы жылыту кезеңінде болатыны байқалған. Депар­тамент жергілікті полиция қызме­тімен, атқарушы органдар­мен, волон­тер­лік ұйым­дардың өкілде­рімен бірлесіп өрттің, адам­­дардың қаза болуы мен жа­ра­қаттануының алдын алу мақсатында тұрақ­ты негізде халықпен профи­лактикалық іс-шара­л­ар өткізеді. Арнайы есепте халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 233 тұр­ғын үй бар. Жергілікті ат­қа­рушы органдар мен үкі­мет­­тік емес ұйымдардың қа­ра­жаты есебінен улы газ­­дың шыққаны туралы дабыл беретін 275 датчик орнатылған.

Мамандар салқын уа­қыт­та пеш жағу кезінде қауіп­сіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескер­теді. Жылыту пештері алдын ала тексеріліп, өртке қарсы бөліктерінің болуы ескерілуі керек. Әр үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы басталар алдында мұржалар мен пештерді күйеден тазартып тұрған абзал. Пеш мұржалары қызыл кірпіштен қаланып, ұшқын тұтқыштармен жаб­дықталуға тиіс. Ша­тыр­дағы түтін арналары өте­тін барлық құбырлар мен қабырғаларды әктеу керек. Қолданыстағы заңна­маға сәйкес төтенше жағ­дай­лар қызметкерлері жер үй­лер секторына тексеру жүр­гізуге, ұйғарымдар беру­ге құқылы емес. Тек про­фи­лактикалық жұмыс­тар ғана жүргізе алады. Сон­ды­қтан қауіпсіздік талапта­ры үй иелерінің өз жауап­кершіліктерінде қала бермек.

 

Павлодар облысы