• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қараша, 2024

Өскеменде мемлекеттік қызметкерлер қаржы жымқырған

120 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, №17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

«Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.